ГОЛОВКИН «КАНЕЛОМЕН» РЕВАНШТА ГОНОРАРДЫҢ ТЕҢ БӨЛІНГЕНІН ҚАЛАЙДЫ
ҚазАқпарат - Екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес тарапынан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қойылған шарттар белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Леффлердің сөзіне қарағанда, бірінші айқаста Альварестің табысы $50 миллионнан асқан. Ал, Головкин өзінің чемпиондық атақтарына қарамастан, $20 миллион алған. Бұл сандар гонорарды 70-те 30-ға бөлгенге негізделген. Рематчта гонорар тағы да «Канелоның» пайдасына 65-те 35 процент көлемінде бөлінген. IBF GGG-ге титулдан айыру туралы хабар бергеннен кейін, боксшы промоутерге келісім шарттарын жақсарту туралы өтініш білдірген. «Геннадий мынаны айтты: «Мен табысты әділ түрде тең бөліскім келеді. Мен чемпионмын және 50-де 50 шартымен бөліскім келеді». Біз бірінші жекпе-жекте көп нәрсеге көндік. Онда Геннадийдің проценті тым аз болды. Головкин өзінің бағалылығын дәлелдегеннен кейін рематчта да көп шартқа көндік. Бірақ «Канело» қандай да бір себептермен дегеніне көндірді. Екінші жекпе-жекте 65-те 35 болды, енді Геннадий чемпион үшін 35% әділетсіздік деп есептейді», - деп түсіндірді PE.com-ға Леффлер.