Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҰЛҒАЯДЫ

1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҰЛҒАЯДЫ

   Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес Қазақстан әйелдерінің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғайып, 63-ке жетеді.  Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы да ұлғаяды – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болмақ.
Қазір қазақстандық ер-азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің жасы бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес біртіндеп ұлғайып отырады. 
Сонымен, 2018 жылы 1 қаңтарда зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі болды – 58,5 жас. Келесі кезеңі 2019 жылдың 1 қаңтарында болады – 59 жас.
Осылайша, 2027 жылы қазақстандық әйелдер зейнетке 63 жасында шығатын болады:


  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жасында;
  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
  • 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.
Негізінде заңнама бойынша кей қазақстандықтар зейнетке сәл ертерек шыға алады. Бұл норма Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен елді мекендерде кем дегенде бес жыл (1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін) өмір сүрген адамдарға қатысты. Яғни, осы өңірде тұрған ер-азаматтардың зейнет жасы – 50, ал әйелдердікі – 45 жас.
Сонымен бірге, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады.
Қазақстандық әйелдер 50 жасқа дейін зейнетақы қорында белгілі бір соманы жинап үлгерсе, зейнетке ерте шығуына мүмкіндік бар. 2018 жылы бұл сома 13,5 миллион теңге.
sputniknews.kz



10 қазан 2018 ж. 2 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 080 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам