Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАР АРТА ТҮСЕДІ

МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАР АРТА ТҮСЕДІ

   Елбасы Жолдауын ақпараттандыру мақсатында қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру бағытында облыс бойынша жыл басынан бері 4355 шара ұйымдастырылды. Бұл жайында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов өңірлік коммуникациялар қызметінде жан-жақты әңгімелеп берді.
– Мемлекет басшысы Жолдауында біздің салаға қатысты көптеген іс-шаралар бар. Мәселен, келер жыл «Жастар жылы», «Ауыл – ел бесігі», «Өз жеріңді танып, біл», мектептерде әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын дамыту жобалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерімен үндесіп жатыр, – деді Т.Маханов.
Басқарма басшысы 9 айда атқарған жұмысты саралады. Есепті кезеңде облыстың қоғамдық-саяси ахуалы бір қалыпты сипатталып, тұрақсыздық белгілері орын алған жоқ.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында қажетті шаралар қолға алынып келеді. Бұл бағытта эксперттік қауымдастықтың, тілші-ғалымдардың қатысуымен 500-ден астам шара ұйымдастырылып, кең ауқымды ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша біршама жобалар қолға алынған. Айталық, «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, есепті кезеңде 626 адам мемлекеттік, 319 адам орыс, 635 адам ағылшын тілдерін оқыту курстарынан өтті.
Қоғамда ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау басты назарда.
– Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын, орналасуын қадағалау мақсатында біздің басқармамен техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп бақылау жүргіздік. Нәтижесінде жыл басынан бері аймақ бойынша 682 мемлекеттік мекемеден 62-де орын алған кемшіліктер заң талаптарына сәйкестендірілді, – деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні облыста 1067 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде 974-і нақты жұмыс істейді. Биыл осы ұйымдар бойынша 173 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 70-і облыстық, 103-і қалалық, аудандық бюджет арқылы.
– Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып келе жатқан «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік қызметі аясында есепті мерзімде 11 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жақында «Рухани жаңғыру – тілге тың тыныс» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, «Тілдерді оқыту үдерісінде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы, облыстық VIII Азаматтық форумы, «Көшбасшы әйелдер мектебі» атты психологиялық тренинг ұйымдастыру жоспарлануда, – деді Т.Маханов.
                                                           Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
16 қазан 2018 ж. 1 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам