Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨМЕН ПАЙЫЗБЕН ИПОТЕКА БЕРЕТІН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА: ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

ТӨМЕН ПАЙЫЗБЕН ИПОТЕКА БЕРЕТІН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА: ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

    Қазақстанның 16 қаласында қазан айының соңында пайыздық мөлшерлемесі жылына 12% жаңа ипотека іске қосылады. "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" (ҚИК) екінші деңгейлі банктермен бірге жаңа ипотеканы іске қосады. Бұл жайында бүгін Алматыда ҚИК  басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты.
Оның айтуынша, "Орда" ипотекалық өнімі – алдыңғы қатарлы елдердің ұзақ жылғы тәжірибесінің жемісі.Жаңа ипотеканың шарты мұндай: қарыз алушы кірісін толық растаған жағдайда қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 12% болады, ал жартылай растағанда — 14%. Ең жоғары несие сомасы – 40 миллион теңге, ипотеканы 20 жылға дейін ресімдеуге болады. 
"Бастапқы жарнаны ақшамен төлеуге болады. Ал бастапқы жарна болмаса, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігін қарастыра аламыз", — дейді Мұхамеджанов.
Қазақстанның 16 қаласында да бұл ипотеканы ресімдеуге болады. Жаңа ипотека авторларының мәліметінше, бұл нарықтық өнім, сондықтан басқа ипотекалық бағдарламалармен тең жағдайда жұмыс істейтін болады.
"Орда" ипотекасын алғысы келетін клиенттер Қазақстанның ипотекалық компаниясының серіктес банктеріне өтініш жазады. Өтінішті банктер ҚИК компаниясына жолдап, шешім қабылданады.Жаңа ипотекалық өнім қазанның соңына дейін іске қосылады.
ҚИК басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, 2018 жылдың соңына дейін 4 миллиард теңге сома көлемінде ипотекалық несие беру көзделген. Жоба сәтті шықса, келесі жылы қаражат көлемі он есе ұлғаяды.


17 қазан 2018 ж. 1 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам