Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЮДЖЕТТІК БАСЫМДЫҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА БЕРІЛЕДІ

БЮДЖЕТТІК БАСЫМДЫҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА БЕРІЛЕДІ

   2019-2021 жылдарда Қызылорда облысы бюджетінің басымдықтары әлеуметтік мәселелер мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Бұл туралы облыстық мәслихаттың отырысында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.
Мәслихат отырысында аймақ басшысы алдағы үш жылға арналған бюджет жобасымен  таныстырды.
«Өткен жылдардағыдай, облыстық бюджет әлеуметтік бағытын сақтауда.  Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуға ерекше мән берілген Мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауы аясында да маңызды болып табылады. Мысалы, Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және облыс бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы аясында облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 64 пайызға жеткізу мақсатында тиісті қаржылар бөлініп, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғаса береді»,-деді аймақ басшысы.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қорқыт Ата әуежайының терминалын салу, облыстың медицина мекемелерін арнайы техникамен жабдықтау, 600 орынға арналған колледж бен 200 адамға арналған жатақхана құрылысы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік жобалары сияқты бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аталған жұмыстар тірек елдімекендерді одан әрі дамыту жоспарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады, жалпы алғанда 16 тірек елдімекенді, сондай-ақ, «Орда» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің, облыстық қоғамдық кеңестің және Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  үшжылдығы  ретінде жарияланды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту облыста үш маңызды мәселенің шешім табуына: салық базасын жақсартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету мақсатында біршама қаражат бөлінуде. Атап айтсам, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие беру үшін облысқа жалпы 3,4 млрд. теңге қаралған. Осы қаражат аясында облыстағы                                      679  кәсіпкердің жобасына 2 млрд. 145 млн. теңгеден аса шағын несие ұсынылған. Шағын несие беру аясын кеңейту мақсатында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңге шағын несие қаражаттары негізінде облысымыздың микробизнес субъектілерінің 280 жобасы қаржыландырылып, 600-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Одан бөлек, тұрақты бизнестің 102 жобасына аймағымыздың екінші деңгейлі банктері арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 5 млрд. теңгеге жуық несие қаражаттары ұсынылған»,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, биылғы жылы облыста 184,5 мың гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде күріш егісінің көлемі  87,3 мың гектарды құрады, қазіргі таңда күріш жинау жұмыстары жалғасуда.
17 қазан 2018 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам