Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛА БЮДЖЕТІ АРТА ТҮСПЕК

ҚАЛА БЮДЖЕТІ АРТА ТҮСПЕК

  Осы аптаның бейсенбісінде VІ шақырылған қалалық мәслихатының кезекті ХІХ сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова, депутаттар, бөлім басшылары, ауыл-кент әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Алғашқы мәселеде 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнәр Баймаханова баяндады.
Ұлт Жоспарының 98-қадамын орындау мақсатында Елбасының Жарлығына орай 4-деңгейлі жергілікті әкімшілердің өз дербес бюджеттерін қалыптастыру барысында қалаға қарасты 2 кент, 6 ауылдық округ әкімдіктері 2018 жылдан бастап өз дербес бюджеттерін қалыптастырып, қалалық бюджет құрамында оларға берілетін субвенция енгізіліп отыр.
Келесі мәселе бойынша қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова биылғы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Мәслихат депутаттары алдағы жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында көптеген ауқымды шараларды жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жоспарлап, тиісті мәселелерді сессияларда талқылайды, – деді Р.Боханова.
Содан соң қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермекбай Құдайбергеновтің есебі тыңдалды. Одан кейін халық қалаулылары бірқатар шешімдерге өзгертулер енгізу мәселесін қарап, 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Сессия соңында қала әкімі көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтап, атқарылған жұмысты саралады.
– Соңғы жылдары облыс орталығы – Қызылорда қаласын өркендету бағытында оң бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асты. Тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті артып, экономикамыз қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, биыл жыл басында қала бюджеті 30 млрд. 831 млн. теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 42 млрд. 914 млн. теңгені құрады, – деді қала басшысы.
«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 27 жоба бойынша қаламызда 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті. Атқарылған жұмыс көлемі 24 млрд. 272 млн. теңгеге жетті. Яғни, облыста құрылыс саласының 43,6 пайызы қаланың үлесіне тиеді.
Келер жылғы қала бюджетінің көлемі 41 млрд. 905 млн. теңге болып бекітілді. Оған қоса мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында бірқатар жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Оның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына және жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 677 млн. теңге қаралды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам