Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ ЕКІ АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ ЕКІ АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

 Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы осы жылғы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.
Осы жылы облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда қаласындағы «Сырдария өзенінің сол жақ жағалауынан газ тарату желілерін салу»  жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сондай-ақ «Қызылорда қаласындағы шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір жоба бойынша мердігер мекемені анықтау үшін конкурстық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сондай-ақ, Қызылорда-2 АГТС-нен тартылатын газ құбыры арқылы Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні 20 шақырым құбыр тартылды. Бұл жыл аяғына дейін Белкөл кенті тұрғындары «көгілдір отын» игілігін көре бастайды деген сөз.
09 қараша 2017 ж. 1 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам