Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨЗ ТАРТАР КӨРКЕМ АЛЛЕЯ

КӨЗ ТАРТАР КӨРКЕМ АЛЛЕЯ

     Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Қазалы ауданы өз тарту-таралғысын жасады.
Олар қаладағы Жалаңтөс баһадүр аллеясын жаңартып, айналасына халық демалатын аллея салып берді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев демалыс орнының қайта жаңғырту жұмысымен танысып, сол жерде Қазалы ауданы тұрғындарымен кездесті.
Аллеяда 3 гектар аумаққа брусчатка төселіп, Жалаңтөс батыр ескерткіші аумағында абаттандыру, көгалдандыру жүргізілді. Ротондар мен шағын архитектуралық нысандар орнатылды. Жаңғырту демеушілердің көмегімен жүзеге асты. Айта кетейік, батыр ескерткіші 2010 жылы қыркүйек айында ел игілігіне берілді.
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазалы ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері көпшілікті көзайым етті.
Айта кетейік, қалада 52 аллеялар мен сквер бар. Заман талабына сай шаһар мәдениеті мен әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.
                                      Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
22 қазан 2018 ж. 2 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 600 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам