ЖАПОН ҚЫЗЫ ЖҮГІРУ КЕЗІНДЕ АЯҒЫН СЫНДЫРЫП, МӘРЕГЕ ТІЗЕРЛЕП ЖЕТТІ(ВИДЕО)

19 жастағы студент қыз Рей Айда Экидэнге қатысқан жарыста 42 шақырым 195 метрге корпоратив жүгіруі керек болған. 35 шақырым өткенде оған эстафета жеткен, мәреге 200 метр қалғанда қыз бала аяғының қатты ауырғанын сезген. Кейінірек аяғының сынып кеткені белгілі болған. Осыған қарамастан, Рей жарысты ары қарай жалғастырған. Ол асфальттің үстіне қан сауғалатып, "төрт аяқтап" мәреге жетті.
Қыз бала ауруханаға жеткізілді, ол тек 2-3 айдан соң ғана өздігінен жүре алады. Жанкүйерлер мен қарапайым куәгерлер оның ерлігіне шапалақ ұрып, көз жастарын тыя алмады. "Оның жауапкершілік қабілеті өте мықты. Мен оған қайран қалдым", - деді олардың бірі.