ҚАЗАЛЫДА ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ
Жуырда елінің қорғаны болған батыр бабамыз Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімі Қызылқұм шекара заставасына беріліп, бабаның кіндік қаны тамған Жанқожа батыр ауылында «Арықбалық шайқасы» құрбандарын еске алуға арналған тағылымы мол шара өткізілді.
Сондай-ақ батыр теңізші Талант Бөріқұлақовты, соғыс және еңбек ардагері Қали Мәкеновті еске алуға арналған шаралар да жоғары деңгейде мәреге жетті. Алдағы уақытта да Қазалы қаласының аталуына 150 жылдығын, би әрі батыр Басықара бабаның 260 жылдығын, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жылдығын, өзге де тағылымды шараларды атқару межеленуде.