"ТІЛДАРЫН" ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Аталған маңызды шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» мамандығының студенті Айя Көбесова қатысып, ІІІ орын иемденді және ақшалай сыйақы сертификатына ие болды.
Ол мұның алдында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген үштілді жетік меңгерген 18-22 жас аралығындағы жастар арасындағы «Тілдарын-2018» облыстық олимпиадасында І орын иемденіп, республикалық олимпиадаға жолдама алған болатын.
Шәкіртінің табысты болуы – ұстаз мәртебесі. Демек, Айяны осы білім додасына дайындап, қолдау көрсеткен жетекшісі – колледж оқытушысы Ибрагимова Сәнияның да еңбегі зор. Мұндай табысты шәкіртін білім шаңырағы да мақтан тұтады.