ЕЛІМІЗДІҢ 7 ОБЛЫСЫНДА ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ: АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 28 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с, екпіні 30 м/с болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да күшті болады деп болжанып отыр. 29-31 қазанда түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады. 29-31 қазанда түнде 1-3 градус үсік болады.
28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
Астана қаласында 28-30 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 28 қазанда батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Өскемен қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін, Семейде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
28 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады.
28 қазанда тәулік бойы Қостанай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке дейін жеетді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Петропавлда күндіз қатты жел соғып, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр.