Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СИНОПТИКТЕР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

СИНОПТИКТЕР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

   18 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел соғып, көктайғақ болады. Қатты жел, көктайғақ және бұрқасын салдарынан Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, кейбір аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады.Ертең Петропавлда солтүстік-батыстан келетін жел секундына 25 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында 18 қазан күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан келетін желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 25 метрге дейін жетеді.
Өскемен мен Семей қалаларында күндіз оңтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метрге дейінгі жылдамдықпен соғады. 18 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады және солтүстік-батыстан келетін жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Сондай-ақ, 18 қазан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді және тұман түседі. Мұнымен қатар, аталған облыстың кейбір аймақтарында жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқуы мүмкін.
 
18 қазан 2018 ж. 1 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам