Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАУЫҚ БІРІНШІ ПАЙДА БОЛДЫ МА, ЖОҚ ӘЛДЕ ЖҰМЫРТҚА МА?

ТАУЫҚ БІРІНШІ ПАЙДА БОЛДЫ МА, ЖОҚ ӘЛДЕ ЖҰМЫРТҚА МА?

   Ғылымның «жұмыртқа бірінші пайда болды ма, тауық па?» деген басты сұрағына жауап табылды. Бұл сұраққа орнитолог ғалым Тим Бёркхед: «Әрине, жұмыртқа бірінші пайда болды» деп жауап берген. Бұл туралы толық мәліметті Gastropod (https://gastropod.com/the-incredible-egg/) басылымынан оқи аласыздар.
Ғалымдар әлем бойынша табылған ежелгі тауық сүйектеріндегі ДНК үлгілеріне талдау жасап, үй құсының ең алғаш Азия құрлығында қолға үйретілгенін растады. Барлығы 92 археологиялық жәдігер зерттелген.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, зерттеуге Еуропа елдері, Таиланд, Чили, Доминикан Республикасы және Тынық мұхит аралдарынан табылған тауық сүйектері алынды. Археологиялық жәдігерлердің 48-інен митохондриялы ДНК үлгісін алу мүмкін болды. ДНК талдауы үй құстарының үш туыс топқа жіктелетінін көрсетті: D тобы – Тынық мұхиты ауданы, В тобы – Оңтүстік-Шығыс Азия аумағы, Е тобы – басқа құрлықтар. Зерттеудің нәтижесінде ғалым­­дар тауық атаулының осыдан 5,5 мың жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия құрлығында пайда болғанын растады. Үй құстарының түп негізі Банкив джунгли тауығы тұқымынан тарайды. Ғалымдар ежелгі грек аңыздарында не себепті тауықтың кездеспейтінін енді түсініп отыр. Кейбір еуропалық аңыздарда тауықтар «парсы құстары» делінеді. Сөйтіп, тауықты ең алғаш қолға үйреткен азиялықтар екені дәлелденген.
                                                                                                          Дайындаған Б.Сәтжан
30 қазан 2018 ж. 3 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам