ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТКЕ АУЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде «Уақытыңды үнемде! Электронды қызметке ауыс» атты шара өткізілді.
Шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері колледж студенттеріне e-gov электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тез алу жолдарын насихаттап, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.