Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОТАНДЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕДІ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕДІ

   «Комфорт-1 kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – әйнек өңдеу және жоғары сапалы әйнек пакеттерді шығарумен айналысатын мекеме. Сыр өңірінің журналистері аталмыш өндіріс орнында болып, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Өндіріс орны жұмысымен «Комфорт-1 kz» ЖШС директорының орынбасары Виктория Үсенова таныстырып, мекеменің заманауи технологиялармен жұмыс жасайтынына тоқталды.
– Біздің кәсіпорын әйнек пакеттерін, шыңдалған қауіпсіз әйнек өнімдерін шығарумен, сондай-ақ оны өңдеумен айналысады. Барлық әйнек пакеттері құрылысқа арналған. Жылу қуатын үнемдейтін түрлерін де өңдейміз. Сонымен қатар термомықтылығы күшейтілген өнім өндірісін қолға алдық. Олар қарапайым әйнектерге қарағанда едәуір мықты әрі қауіпсіз, – деді ол.
Заман ағымынан қалыспай, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, еңбек көзін тапқан кәсіпорын басшылары бүгінгідей дәрежеге оңайлықпен жетпегенін жасырмайды. Мемлекет тарапынан да қомақты қолдауға ие болған кәсіп иесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпорынның жаңа тынысын ашуға үлкен септігін тигізгенін айтты. Мекеме бағдарламаның арқасында пайыздық мөлшерлемені мемлекеттік қаражаттандыру мүмкіндігіне қол жеткізіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігін иеленген.
Отандық кәсіпорын осылайша өндіріс орны қажетті жаңа технологиямен толықтырылған. Алдағы жылы шыны зауыты іске қосылса, қажетті шикізат та өңірден алынып, кәсіп көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлауда.
Сондай-ақ, журналистер қауымы қаламызда жұмысын бастаған тағы бір жаңа өндіріс орны – шұлық шығаратын цех жұмысымен де танысты. Жеке кәсіпкер Айгүл Мұханбетжанова мемлекеттік бағдарлама арқылы «Халық банкінен» 25 млн. теңге несие алып, шұлық өндіретін құрал-жабдықтар сатып алған. Өндірісін іске асыру барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөліміне келіп, өндіріс цехы орналасатын жер учаскесі мен ғимаратының рұқсат құжаттары және өнімге сертификатты қалай алу қажеттігі туралы кеңеске жүгініпті.
Қазіргі уақытта өндірісін толықтай іске қосып, 5 адамды еңбекпен қамтып отыр. Күніне 400-ден аса ерлер, әйелдер, балалар шұлығын өндіреді. Шұлықтарды халыққа тиімді төмен бағада – 150 теңгеден сатылымға шығаруда. Цех толықтай автоматтандырылған. Шұлықты тоқу, өтектеу құрылғылары бар. Шикізатты Өзбекстаннан тасымалдап отыр.
Мұнан соң журналистер аймақтағы іргелі кәсіпорынның бірі – «Жан Арай» агрокешенін аралады. «ЖанАрай» ЖШС зауыты құрама жем шығарумен айналысады. Ал 2016 жылы кәсіпорында қаз фермасы ашылған болатын. Қазіргі уақытта агрокешен 250-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, тәулігіне 150 тоннаға жуық күріш, 170 тоннаға жуық ұн және 80 тоннаға жуық жем өнімдерін өндіруде.
«ЖанАрай» мекемесі – заманауи талаптарға сай ауқымды агроиндустриялық кешен. Кәсіпорын өңірлік экономикаға инвестиция салудың және тұрақты жұмыс орындарын құрудың тағы бір жарқын көрінісі. Бүгінде агрокешен жанынан жаңа оқу орталығы бой көтерген.
– Мұнда оқу семинарлары мен шеберлік дәрістері, басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Жақында ауыл әкімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Ауылшаруашылық қызметкерлері үшін кәсіпорында көрнекі тәжірибелік оқулар өткізуге өте ыңғайлы, – дейді «Жан-Арай-Жем»ЖШС директоры Мұрат Байменов.
Оқу орталығында 3 дәрісхана, көрме залы және 2 конференц-зал, сырттан келген қатысушыларға арналған хостел мен асхана бар. Аталмыш ұйым семинарлар, турнирлер және басқа да білім беруге қатысты іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
                                                             Биболат Сәтжан
06 қараша 2018 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам