МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшылары Т.Нұртаев пен Қ.Әбілдаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау салалары бойынша 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысында жалпы 387 қызмет түрі көрсетілсе, 2016 жылдың осы кезеңінде 374 қызмет түрі көрсетілген. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 қызмет түріне артқан. Қазіргі таңда, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есеге көбейіп, үлесі 31 % құрады. Сонымен қатар, есептік мерзімде, Департамент тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465 бабымен 2 тұлғаға қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекеттік қаржысына 340 350 теңге өндірілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша Департаментпен барлығы 31 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесімен 17 204 заң бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 87 ұсынымдар енгізілді, оның ішінде орындалғаны 68 ұсыным, 19 ұсыным орындалу барысында. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді анықтау, жою және алдын алу мақсатында 47 мемлекеттік органда жасырын сатып алу жобасы жүргізіліп, 124 заң бұзушылық анықталып, қазіргі таңда барлығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, алғаш рет шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді. Шараға халықтың сұранысы жоғары жер, тұрғын үй, әлеуметтік, құрылыс, білім, көші-қон, әділет, салық салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер насихатталып, 200 жуық қызмет алушыларға кеңестер мен қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау: 2017 жылдың 9 айында облыстағы мемлекеттік органдарда 52 тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 276 заң бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауда тексеру қорытындыларымен бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға 13 ұсыныс пен ұсынымдар енгізілген.
Сонымен қатар, Департаментпен лауазымды тұлғаларға 14 әкімшілік істер қозғалып, соның ішінде ҚР ӘҚБтК 99-бабы негізінде қозғалған
7 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері болып, мемлекет пайдасына 456 099 теңге өндірілген.
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесімен 2017 жылдың
9 айында 10 отырыс өткізіліп, барлығы 34 мәселе қаралды. Оның
17-і тәртіптік істер болса, қалғаны мемлекеттік органдар басшыларының, аудан әкімдердің есептері, Әдеп жөніндегі уәкілдің есебі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының тәртіптік комиссиясы қызметінің нәтижесі, Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін реттейтін мәселелер және тәртіптік жазаларын мерзімдерінен бұрын алу туралы мәселелер.