Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «АҚМАҢДАЙЛЫМ» – ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛ АШАРЫ

«АҚМАҢДАЙЛЫМ» – ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛ АШАРЫ

   «Айналдым, ақмаңдайлым,
  Ақылдым, бал таңдайлым.
  Жалынды жас дәуренде,
   Ұялма, жан сәулем де,
  Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші.
   Жадырашы, назданшы, еркелеші» деп бұлбұл даусымен марқұм Роза Бағланова апамыз ерекше орындайтын еді осы «Ақмаңдайлым» әнін. 2011 жылдың қысында Сыр топырағында дүниеге келіп, шартарапқа аты жайылған қазақ мәдениеті мен өнері үшін қаралы болды. Сол жылы аты аңызға айналған әнші 90 жасқа қараған шағында дүние салды.
КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы өмірден етсе де, әлі күнге дейін әдемі әндері жадымызда жатталып қалды. Нәзік болса да, өзіндік ерлігі, еліне еркелігі, сахнадағы сұлулығы бәрі ойымыздан өшкен жоқ Атақты әншінің құрметіне Қызылордада республикалық деңгейде арнайы байқау өткізіліп тұрады.
Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тапты. Роза Бағланова атындағы республикалық «Ақмаңдайлым» атты әншілер конкурсы осы жылы төртінші мәрте ұйымдастырылды. Соған орай Сыр еліне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев, танымал әнші Сембек Жұмағалиев, Р.Бағланованың ұлы Тәжен мен келіні Марал келді. Байқау басталмас бұрын олар БАҚ өкілдерімен кездесіп, жүрекжарды ойларымен бөлісті.
– Қасиетті Сырдың тумасы, халықтың еркесі Роза апамыз бар ғұмырын ұлттық ән өнерінің өркендеуіне арнады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған  «Ақмаңдайлым» конкурсы бұдан бұрын 3 жыл қатарынан Қазалы ауданында өткен еді. Ал, биыл өзгеше болсын деген ниетпен оны алдымен қала орталығынан бастадық, – деді Кеңес Дүйсекеев.
Аталмыш байқаудың басты мақсаты – Роза Тәжібайқызының орындаушылық шеберлігі тұрғысында жас әншілерді табу, ескі халық әндерімен қатар қазіргі композиторлардың әндерін насихаттау. Жас өнерпаздарды сахнаға дайындап жүрген ұстаз әрі әнші Сембек Жұмағалиевте өз ойын білдіріп:
– Кеңес аға жас композиторларды дайындаса, мен әншілік жағына мән беремін. Солардың бірі – Димаш Құдайбергеннің жақында шетелде концерті өтпек. Қазір талантты жастар баршылық. Мұндай өнерлі өрендер Қызылордада көп. Олардың арасында да даусы керемет жастар көп. Бұл жөнінен Сыр өңірі алда тұр, – деді. Содан соң Қызылорда қаласына қатысты лебізінде айта кетті.
Биылғы байқауда алғаш рет, әділ қазылар алқасына Роза апамыздың отбасының өкілі енді. Отбасы атынан бас жүлде берілді.
– Конкурс жылда жоғары деңгейде өтіп келеді. Сол үшін Кеңес Дүйсекеев ағамызға алғысымызды айтқымыз келеді. Себебі, ол кісінің еңбегі зор. Анамыздың көзі тірісінде екеуі өте жақсы араласатын. Анам Кеңес ағаны ерекше жақсы көретін, сыйлайтын, – деді келіні Марал Бағланова.
Байқау екі күнге ұласты. Алдымен қала орталығындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. Байқаудың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға бақ сынауға әр облыстан 20 жас әнші келді. Ән сайысында Алматы, Астана, Шымкент, Көкшетау, Семей қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарынан келген өнерпаздар бақ сынады.
Байқауда жастар өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Кеңес Дүйсекеев, Ержан Әбдірахманов, Сембек Жұмағалиев, келіні Марал Бағланова және Сыр елінен әнші Күлән Қалымбетова төрелік етті. Ереже бойынша конкурс екі кезеңнен тұрды. Әншілер алдымен Р.Бағланованың репертуарындағы әнді көрерменге тарту етсе, екінші турында заманауи жазылған әнді орындауы тиіс.
Ел алдына ең алғашқы болып қызылордалық Ринат Үсенов шықты. Өнерпаздар екі әнді әдемі орындады. Ал, Астанададан келген Айдын Жұмабаев Роза апамыздың «Кестелі орамал» әнін нақышына келтіре орындағанда көпшілік зор қошемет білдірді. Жас әнші сол әнді орындаған кезде қолына ақ орамал ұстап, көрермен көзіне бірден түсті.
Үш сағатқа созылған байқау жеңімпаздарын анықтау төрешілерге де оңай болмады. Оған әрбірі лайық болған секілді. Бас жүлде «Кестелі орамалмен» көзге түскен астаналық Айдын Жұмабаевқа бұйырды. Бірінші орынға Қазалы ауданынан Рахымжан Мақсатбаев ие болса, екінші орынды Батыс Қазақстаннан келген Ерқат Жақашев пен ақтөбелік Нұртас Омаров алды. Ал, үшінші орын иегерлері – Арал ауданынан Сабыржан Көлбаев пен түркістандық «Сарын» триосы болды.
– Сыр еліне келіп, осылай олжалы қайтамын деп ойламаған едім. Бірақ, іштей үлкен үміт болады ғой. Әйткенмен, әр облыстан келген қатысушылар да мықты екені көрініп тұр. Қазылар алқасының әділ шешіміне риза болдым. Мен үшін Роза апамыздың осы байқауындағы жеңіс – үлкен жетістік, – деді бас бәйге иесі Айдын Жұмабаев.
Ал, конкурстың гала-концерті әншінің туған жері қазыналы Қазалы ауданында жалғасын тапты.
                                                                    Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
10 қараша 2018 ж. 1 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 072 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам