AIR ASTANA ҰШАҒЫ КӨЗДЕГЕН ЖЕРІНЕ ЖЕТЕ АЛМАДЫ

Оқиға 11 қарашада орын алды. Португалияда техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатқан Эмбраер 190 әуе кемесінде ұшу кезінде техникалық ақау сигналы іске қосылды.
Әуе кемесінің экипажы Португалияның Бейджа қаласындағы қосымша аэродромға қонуға мәжбүр болды.
Ұшақтың жерге қонуы сәтті өтті. Бортта тек экипаж мүшелері болған.