Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЫЛҒЫ ҚЫС ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

БИЫЛҒЫ ҚЫС ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

     Күн салқындап кетті, иә... Ал, тоңып қалмаңыздар! Жалпы, қысқа дайындық қалай?
Себебі, шымкенттік ауа-райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай биылғы қыстың қандай болатыны туралы айтты. Оның сөзінше, алдағы қыс біршама ұзақ әрі қатаңдау болады.
 «Халқымыздың өмірден алынған мақал-мәтелдері бар. Өліара, тоғыс кезінде күн суытатынын айтады. Болжамдарымды осы табиғат құбылыстарына және «Ескі айдың 20-сы құр кетпейді» деген болжамдарға сүйеніп жасадым. Ал, қыстың қалай болатынын жаздағы өткен аптап ыстықтардың 6 ай 6 күннен кейін суық болып оралатынымен есептеп алып отырмын. Жаздың ұзақ болғанын, жылы күндердің қазан айына дейін созыл­ғанын ескерсек, қыстың ұзақтау болатыны содан білініп тұр» дейді Нұрғабыл Қозыбай.
Сонымен қатар, ол алдағы 3 жылда елімізде құрғақшылық болмайтынын айтты.
«Қазақтың бұрынғы ауа райын болжаушылары ыстық пен суықтың 6 айда айналып келетінін білгені сияқты құрғақшылық жылдардың да 4 жылда бір айналып соғатынын аңғарған. Табиғат заңына құрылған осы болжамға сүйенсек, алдағы 3 жылда құрғақшылық болмауы тиіс. Яғни биыл, 2018-жылы Түркістан облысының таулы аумақтарынан басқа аудандарында құрғақшылық болды. Енді ол 2022-жылы айналып келеді. Демек, алдағы жылы құрғақшылық болмайды. Өңіріміздің шаруалары күздік бидайды алаңсыз еге берсе болады» дейді ауа-райын болжаушы.
                                 ДАЙЫНДАҒАН: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
12 қараша 2018 ж. 1 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам