ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТІҢ ХАС ШЕБЕРІ

Кішкентайынан сурет салуға құмар болып өскен ардагер ағамыз фото өнеріне өзінің сурет салу қабілетінің ықпал еткенін айтады. Фотоаппаратты он үш жасынан бастап серік еткен оның алғашқы фотоэтюді он бес жасында облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған.Уақыт өте келе өз ісінің шеберіне айналған фотограф "Социалистік Қазақстан" (қазіргі «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдастырған фотоконкурстардың лауреаты атанды. Өзіміздің елді айтпағанда Ресей, Польша, Украинада фотокөрмелері өтті. Кезінде Ресейдің «Известия» газетінде, «Советское фото» журналында суреттері жарық көрді. 1989 жылы фототілшілердің Мәскеуде өткен съезіне Қазақстан атынан қатысты. Жиырмаға жуық кітапта фототуындылары жарияланды.
Бүгінде жетпіс жасқа толғалы отырған ағамызБолат Омарәлиев әлі күнге осы туындыларын ақтарып, маңызды суреттерді компьютерге түсіреді. Аймақтың жарты ғасырға жуық тарихын сурет бетінде өрнектеген кәсіби шебердің еңбегі де елеусіз қалған емес. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Бұл – «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің тартуы еді.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.