Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІН БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙ МА?

ЖАҢА ЖЫЛҒА ДЕЙІН БЕНЗИН ҚЫМБАТТАЙ МА?

  Энергетика министрлігі Қазақстандағы жыл соңына дейінгі бензин бағасына болжам жасады. Қазақстанда жаңа жылға дейін бензин бағасы көтерілмейді, деп санайды энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Бозымбаев атап өткендей, бензин бағасының өсуі мен төмендеуіне мұнай бағасы тікелей әсер етеді.
"Бүгінде бір баррель мұнай 70 доллар тұрады. Ертең, кім біледі, бәлкім, 40 доллар немесе 100 доллар тұруы мүмкін. Екінші фактор – өзіндік құны. Жаңа жылға дейін бензин қымбаттай қоймайды", — деді Бозымбаев.
Энергетика министрі атап өткендей, көтерме бағалардың төмендеуі нәтижесінде келесі жылы 1 қаңтардан бастап газ пайдаланатын электр станциялары үшін тауарлық газдың ақтық бағасы өңірге байланысты 6-15%-ға  арзандайды.
"Тарифтің төмендеуі жанармай ретінде табиғи газды пайдаланатын станцияларға қатысты. Біз 2016 жылы қуаттылық нарығы болады деп есептегенбіз, бірақ ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана күшіне енеді. Тариф деңгейі төмендейді. Қазақстандықтар аз төлейтін болады", — деп сендірді ол.
Бозымбаевтың пікірінше, 20 қарашаға дейін 46 станцияның электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығыны қайта қаралады.
Қазан айында Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері Қанат Бозымбаев пен Александр Новак бензин экспортына эмбаргоны алып тастау туралы хаттамаға қол қойды.
sputniknews.kz

14 қараша 2018 ж. 1 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам