КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНЕН АЛЫП ӨТУГЕ БОЛАТЫН ҚОЛ ЖҮГІНІҢ САЛМАҒЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРАДЫ

«Алып өту кезінде адамдар неше түрлі алдауларға барады. Мысалы, сыртын көрпе-жастықпен орап алады. Ішінде неше түрлі нәрсе тығылып жатады. Мысалы, қазір алып өтетін тауардың салмағы 50 келі, кедендік құны 1,5 еуро болатын болса, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құнын 500 долларға азайғалы отыр», – дейді «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.
Ал өзімен алып өтетін қол жүгінің мөлшері қалыпты көрсеткіштен асып кетсе, жүктің әр келісі үшін 4 еуроға (1600 теңгеден аса) жуық ақша төленеді. Бекеттегі бақылаушылардың сөзінше, ендігі тауарды кеденнен тегін алып өту салмағы төмендейтіні себепті, кедендік кіріс көлемі көбеюі мүмкін.