Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЗАҢСЫЗ АЛҒАН СЫЙЛЫҚТАРЫН ӨТКІЗІП ЖАТЫР

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЗАҢСЫЗ АЛҒАН СЫЙЛЫҚТАРЫН ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Қызылордалық 8 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін азаматтардан алған сый-сияпатын арнайы қорға өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жыл басынан бері мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 22 сыйлық тапсырылған. Жалпы 2016 жылы 1, өткен жылы 3 мемлекеттік қызметкер құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлығын өткізген. Арнаулы қордағы құнды заттар нарықтық бөлшек саудаға шығарылып, түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады. Мемлекеттік қызметшілер сондай-ақ бекітілген нақты жұмыс кестесіне көшіп жатыр. Яғни жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кеңседе қалмауды бақылайтын қондырғы 18 басқармада іске қосылды. Сондай-ақ 5 мемлекеттік мекеменің компьютерлері кешкі 6 жарымда автоматты түрде сөнеді.
Абзал Мұхимов, Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚА облыстық департаментінің басшысы:
– 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Соған сәйкесінше, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық жарияланды. Мереке қарсаңында мемлекеттік орган қызметкерлері мен басшылары, квазимемлекеттік сектор мекеме, кәсіпорындар басшыларына толықтай үндеу жарияланып, мерекелік сыйлықтардан бас тарту мәселесі және оны қабылдаудың, алудың, берудің арасындағы заңдық жауапкершілік ара салмағын түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр.

www.24.kz
26 қараша 2018 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам