Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР «CHALLANGE СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТТЫҚ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР «CHALLANGE СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТТЫҚ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

  Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай және «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастаманы қолдау мақсатындавеложарыс өтті.
Сырбойылық мемлекеттік қызметшілерҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп ұйымдастырған веложарысы арқылы, Елбасы бейнеүндеу жариялап, қолдау білдірген «Challange сенің жаңа қырың» акциясына облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.
Веложарыстың мақсаты - мемлекеттік қызмет істері органдарының20 жылдық мерейтойы аясында «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастаманы қолдау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.
100-ден аса мемлекеттік қызметшілер қатысқан спорттық іс-шаралар «Сыр Ана» монументі алаңында ашық жаттығулар өткізуден басталды. Сенбілік таңда қала тұрғындарымен бірге кешенді жаттығулар жасап, бой сергіткеннен кейін,спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған Қызылордалық мемлекеттік қызметшілервеложарыста бақтарын сынап көрді.
Қызықты да тартысты өткен веложарыстың жеңімпаздарыДепартаменттің дипломымен, кубогімен марапатталды.
27 мамыр 2018 ж. 1 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам