ТӨРЕТАМДА САМБОШЫЛАР БЕЛДЕСТІ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жарысқа Шымкент, Қызылорда қалаларынан, аудандардан және Қармақшы ауданының барлық елді мекендерінен 200-ге жуық самбошы 11 салмақ дәрежесінде екі жас ерекшелігі бойынша сынға түсті.
Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломмен, медальдармен марапатталды.