Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 7 ЖАСАР БАЛА ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ ВЛОГЕРІ БОЛДЫ

7 ЖАСАР БАЛА ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ ВЛОГЕРІ БОЛДЫ

    Әлемдегі ең көп ақы төленетін YouTube блогері - Ryan ToysReview арнасының авторы, Ryan атты жеті жасар бала  атанды. Ол балалар ойыншықтарын көрсетумен танымал болды. Видеохостингінің ең бай өкілдерінің рейтингі Forbes басылымында жарияланды.
2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2018 жылдың жазына дейін Райан серіктестері мен жарнама берушілердің есептеуіне сәйкес 22 миллион доллар тапқан. Ryan ToysReview арнасының 17 миллион көрермені бар.  Ең бай блогерлер рейтингінде екінші орында Логан Полдың інісі Джейк тұр. Ол биыл 21,5 миллион доллар тапқан. Желі қолданушылары оның видеоларын 3,5 миллиардтан аса рет көрген.  Былтыр Логан Палдың табысы 14,5 миллион доллар ғана шықты және рейтингте соңғы, оныншы орынға жайғасты. Бұл блогер өзін-өзі өлтірген адам денесінің видеосын жариялағаннан кейін шыққан жанжалға байланысты болды. YouTube әкімшілігі Полдың арнасына ірі жарнама берушілермен серіктестік орнатуға тыйым салды. Әлемдегі ең танымал блогері PewDiePie (Феликс Чельберг) 15,5 миллион доллар табыспен сегізінші орынға ие болды. Сондай-ақ Forbes тізіміне геймер DanTDM, бет әрлеуші Jeffree Star және видеоойындар комментаторы Jacksepticeyе сияқты YouTube-тың танымал адамдары кірді.  Бұрындары PewDiePie лақап атымен белгілі Феликс Челберг T-Series блогы оны көрермендердің саны бойынша басып озатынын айтқан. Ол қарсыласына соғыс жариялап, ізбасарларын үлкен армия құруға шақырды.
04 желтоқсан 2018 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 218 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам