FORBES ГОЛОВКИННІҢ ТАБЫСЫН ЕСЕПТЕДІ

Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы - соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы. Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-ші (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа 25-ші (39 миллион) орынға жайғасты. Толық тізімді мына жерден көре аласыз. Forbes рейтингінің үздік ондығы мынадай: 1. Флойд Мейвезер (бокс) - 285 миллион доллар (275 миллионов - жалақы, 10 миллионов - жарнама); 2. Лионель Месси (футбол) - 111 миллион (84+27); 3. Криштиану Роналду (футбол) - 108 миллион (61+47); 4. Конор МакГрегор (аралас жекпе-жек) - 99 миллион (85+14); 5. Неймар (футбол) - 90 миллион (73+17) 6. ЛеБрон Джеймс (баскетбол) - 85,5 миллион (33,5+52); 7. Роджер Федерер (теннис) - 77,2 миллион (12,2+65); 8. Стефен Карри (баскетбол) - 76,9 миллион (34,9+42); 9. Мэтт Райан (америкалық футбол) - 67,3 миллион (62,3+5); 10. Мэттью Стаффорд (америкалық футбол) - 59,5 миллион (57,5+2).