Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өңірдегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы мәлімдемесі(видео)

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өңірдегі уақыт белдеуін бір сағат кейінге өзгерту туралы мәлімдемесі(видео)



















                                                                 Құрметті жерлестер!
Облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына неғұрлым оңтайлы шешім болып табылатыны жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданды.
Уақытты есептеу тәртібін өзгертудің орындылығы туралы мәселе бейінді институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары ескеріле отырып зерделенді, олар Қызылорда облысының аумағындағы уақыт белдеуін
5-шіден 4-ші уақыт белдеуіне өзгерту қажеттілігін қолдады.
Қазақстан Республикасындағыастрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі жетекші ғылыми мекеме – «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының» қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының аумағы 59° және 68° бойлық аралығында орналасқан, бұл 4-ші уақыт белдеуіне жатады және Астана уақытынан бір сағаттан аса айырмашылығы бар.
Бұдан басқа, Білім және ғылым министрлігінің Адам және жануарлар физиологиясы институтының ақпараты бойынша уақыт белдеуін өзгерту Қызылорда облысы тұрғындарының әсіресе балалардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық ауытқуды жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Энергетика, Ішкі істер, Инвестициялар және даму министрліктері Қызылорда облысындағы уақыт белдеуін өзгерту ұсынысын толық  қолдады, бұл мәселенің экономикалық шығындарға әкелмейтіндігі белгілі болып отыр.
Ал, энергетика саласы бойынша экономикалық бағамды зерттеу барысында электр энергиясын тұтыну 4,2 пайызға үнемделетіні анықталды.
Жалпы, Қызылорда облысының аумағында уақыт белдеуін бұрынғы қалпына келтіру ешқандай қаржылай шығынды талап етпейтіні және әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің оң бағыттаілгерілеуін, азаматтардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық тепе-теңдікті жақсартуды көздейтіні толық дәлелденді.
Сөйтіп, мәселенің өзектілігін ескере отырып, облыс аумағында уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін ағымдағы жылдың 21 желтоқсанынан бастап бір сағат кейінге өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты.

Ардақты ағайын!
Әрбір тұрғын мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмыстарының мәнін және олардың ел үшін жасалып жатқан маңызын жете түсінуге тиіс, жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы да маңызды. Ал, осы мәселені, айта кету керек, әлеуметтік желідесаясиландырып, халық арасында билікке деген реніш тудыруға кейбір талпынғандар да болды. Мұны биліктің өзі шешіп жатқан мәселесін пайдаланып, арзан бедел жинау әрекеті деп білемін.
Құрметі жерлестер!
Әрқашан ауызбіршілігіміз мықты болып,бір заманда, бір мүддеде, бір уақытта,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылған қалпымызды сақтай білейік! Сіз бен біздің бірлікте атқарған істеріміз лайым нәтижелі бола берсін!
Осы мүмкіндікті пайдалана отыра Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен және Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына амандық, бақыт, жаңа табыстар тілеймін!
Назарларыңызға рахмет!
07 желтоқсан 2018 ж. 1 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам