Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сәбиіне ерекше есім бермек болған әйел күлкіге қалды

Сәбиіне ерекше есім бермек болған әйел күлкіге қалды

     Желі қолданушылары ұлына ерекше есім бермек болған әйелді талқылап, мазақ қылды. Олардың сөзінше, әйел әлі дүниеге келмеген сәбиінің өмірін құртып үлгерді, деп жазады Stan.kz.
Жас ана Facebook желісінде Сквайр Себастьян Сенатор (squire сөзі «атқосшы» мағынасын береді) есімді сәбидің құрметіне өткізілетін кештің болмайтынын жазған. Әйелдің сөзінше, таныстары мен туыстары оның сәбиіне қоймақ болған атына разы болмаған.
Әйелдің пікірінше, достары әлі дүниеге келмеген сәбидің есімін талқылап, адамгершілікке жат әрекет жасады.
«Оның есімі – Сквайр Себастьян Сенатор. Болғаны осы. Сіздер сәбиімнің есімін өзгертуге мәжбүрлей алмайсыздар», – дейді ол.
Өз сөзінде әйел бұл сәбиінің толық есімі емес екенін, әлі оның тегі болатынын айтты. Сонымен қатар жас ана сәбиінің есімі «төңкеріспен тең» болатынын атап өтті.
«Ол «Брайан, Сэм, Ник, Белл, Марин тәрізді зеріктірерлік есім қойылған адамдарға қарағанда, тамаша өмір сүреді», – дейді жас ана.
Ал желі қолданушылары әйелдің қиялы бай екенін айтып, күлкі қылды. Олар сәбиге мұндай есім беру оны мазақтап, кемсітумен тең екенін айтты.
Сонымен қатар пікір қалдырушылардың дені әйелдің баласын болашақта есімі үшін күлкі қылып, мазаққа айналдыратынын түсінбейтінін жазып жатты.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам