Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақмешіт адалдық аймағына айналады

Ақмешіт адалдық аймағына айналады

     Сыр өңірінде «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керектігін айтқан болатын.
Жобалық кеңсенің ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова қатысып, облыстағы мемлекеттік мекеме басшыларына кеңсенің мақсаты таныстырылды.
Жобаның мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру.
Жобалық кеңсенің жетекшісі Серік Шотаев кеңсенің міндеттеріне тоқталды.
«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында білім, денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары қызметтеріне талдау жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді ол.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылаудың интерактивтік картасы және мемлекеттік сатып алулар мониторингі арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.
Бүгінгі таңда республиканың 7 аймағында Агенттіктің бастамасы негізінде «Адалдық алаңдары» ашылып, өз жұмыстарын бастап кетті.
14 желтоқсан 2018 ж. 1 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам