Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ота жасатқан науқастың жарасын скотчпен таңып берген

Ота жасатқан науқастың жарасын скотчпен таңып берген

   Ота жасатқан науқастың жарасын дәкемен таңып, сыртынан скотчпен орап берген. Ресейдің Амур облысы прокуратурасы Благовещенск қалалық ауруханасында тексеріс жүргізбек. Медициналық мекемеде ота жасалған науқастың жарасын таңған кезде скотч пайдаланылған, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы БАҚ-қа 63 жастағы науқас әйелдің қызы хабарлапты. Оның айтуынша, отадан кейін анасының жарасын қайта таңған кезде, дәкенің үстінен скотчпен ораған екен.
Амур облысы денсаулық сақтау министрлігі РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, бұл аурухананың хирургиялық бөлімінде лейкопластырь қалмағанын айтып, бірақ басқа хирургиялық мекемелерде медициналық құралдың болғанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі лейкопластырь орнына скотч пайдалануға болмайтынын атап өтіп, "аурухананың басқа бөлімдерінен пластырь алуға болар еді" деп пікір білдірді.
"БАҚ-та жарияланған мәлімет бойынша облыс прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр. Заңнама бұзылғаны анықталса, бірден тиісті шара қолданылады", — деп хабарлады прокуратура.
Тексеріс 30 тәулікке дейін созылады екен.
sputniknews.kz


14 желтоқсан 2018 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 342 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам