Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

   ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық мекемелердегі қағаз түріндегі құжат айналымға тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы, еліміздің медициналық ұйымдары электрондық форматқа ауысып жатыр, яғни медициналық құжатнама электрондық нұсқада жүргізіледі. Осы орайда қағаз түріндегі амбулаторлық карталардан бас тартамыз.  Сонымен бірге, медициналық ұйымдар жүргізетін белгілі бір статистикалық құжаттар да электрондық форматта болады. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымы болмайды деп қарастырып отырмыз», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева ведомствоның Фейсбуктегі парақшасындағы сауалдарға жауап беру кезінде.
Осы орайда ол қазіргі кезде азаматтарға дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақырту мен медициналық ұйымға тіркелу секілді онлайн қызметтер қолжетімді екенін еске салып өтті.
«Цифрландыру медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетеді. Еліміздің әрбір азаматы денсаулығының электрондық паспортын алады.  Ол қай жерде ем қабылдаса да, барлық мәліметтер оның жеке кабинетіне енгізіледі. Бұл өз кезегінде басқа дәрігерге барған кезде ем-дом шараларын жеңілдетеді», - деді ол.
27 шілде 2018 ж. 1 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам