Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақта уақыт белдеуі өзгереді

Аймақта уақыт белдеуі өзгереді

   Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсаннан 21-не қараған күні облысымызда сағат белдеуі өзгереді. Аталмыш мәселеге орай өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг ұйымдастырылып, уақыттың бір сағатқа кері шегерілуінің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
– Облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты оңтайлы шешім болып табылады. Мәселенің маңыздылығы зерттеліп, облыс әкімдігінің ұсынысы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданды. Сондықтан қолданыстағы сағат тілі бір сағат кері шегеріледі. Бұл жалпы, табиғи географиялық және әлеуметтік дамуымызға оңтайлы шешім, – деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Көптің көкейінде жүрген мәселе он жылдан кейін шешімін тапты. Аталмыш тақырып бойынша жан-жақты зерттеу жүргізілген. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы астрономия және астрофизика саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі жетекші ғылыми мекеме – «В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының» қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының аумағы 59° және 68° бойлық аралығында орналасқан, бұл 4-ші уақыт белдеуіне жатады және Астана уақытынан бір сағаттан аса айырмашылығы бар екендігін көрсеткен. Сонымен қатар, қоғамдық зерттеу жүргізген азаматтар қазіргі уақыт белдеуі адамдардың денсаулығына кері әсер етіп жатқандығын айтқан.
 – Уақытты есептеу тәртібін өзгертудің орындылығы туралы мәселе бейінді институттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары ескеріле отырып зерделенді.  Бұл – 29 құзыретті органның келісімімен дайындалған жұмыс. Атқарылған жұмыстардың көрсеткішінде әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің оң бағытта ілгерілеуін, азаматтардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық тепе-теңдікті жақсартуды көздейтіні толық дәлелденді, – деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Техникалық реттеу және метрология Комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев.
Ал, Білім және ғылым министрлігінің Адам және жануарлар физиологиясы институтының ақпараты бойынша уақыт белдеуін өзгерту Қызылорда облысы тұрғындарының әсіресе балалардың денсаулығына әсер ететін физиологиялық ауытқуды жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, мәселенің өзектілігі ескерілді. Сонымен, ағымдағы жылдың 21 желтоқсанынан бастап бір сағат кейінге өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты.
– Уақыт белдеуінің өзгеруі облысымыздағы ешқандай салаға әсер етпеуі қажет. Мәселен, сабақ кестесі, жұмыс кестесі өзгермейді. Тұрғындар жаңа  уақытқа тез бейімделеді деген үміттеміз. Себебі, аймақ тұрғындарының 70 пайызы табиғи белдеуге көшуді қолдаған, – деп қорытындылады брифингті облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.
                                                              Айтолқын АЙТЖАНОВА.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам