Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алып кеп бір иіскетші немеремді...

Алып кеп бір иіскетші немеремді...

   Раушан апа кешкі уақытта біздің үйге тағы келді. Күндегі әдеті сол.  Теледидар көреді. Үйдегі үлкен кісілермен емен-жарқын әңгіме айтып кетеді. «Өз балаларың өзегіңнен тепсе, жетімнің күйін кешесің» деген рас екен. Туған қызының «үйінде жатса қайтеді, қайта-қайта келе бермей» дегенін талай естігенмін. Анасы емес па? Неге қатты сөйлейді деп іштей ойлап қоямын. Дегенмен, ұлы мен келіні жақтырмаған кейуана қыздың үйіне қалай сыйады?   
Раушан апа үш қыз, үш ұлды дүниеге әкелген. Құдай қосқан жан-жары ертерек дүние салды. Жалғызбасты ана алты баласын әлпештеп өсірді. Ал, бүгінде олардан ешбір рахат көріп отырған жоқ. Олардың қабағы қатулы. «Үйіме неге келдің» деп қарсы алады.
Отбасы жылуы… Бұл ұғымда қаншама мағына, қанша сезім бар. Ол осы жылуды бауыр еті балаларынан сезіне алмағанына іштей күйінеді, жүрегі қан жылайды. Жасы 60-тан асқанда «балаларыма сыймай сергелдеңге түсемін» деген ой Раушан әжейдің үш ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар-ау. Бұл сезімді ол кісіге бір қарағаннан байқауға болады.
– «Күн батпаймын дегенге кеш қоймайды» дейді. Алла өмір берсе, қартаймайтын ешкім жоқ. Балаларым да осы жасқа келер. Сол кезде түсінер, бәлкім. Бірақ, олардың жылағанын көргім келмейді. Жақсы тәрбие бере алмадым ба деп те өкінемін. Ұлдарымның үйіне басам, «анам келді» деп қуанғанын көрмеймін. Немерелерімді алшақтатады. Тәп-тәтті балғындардың бетінен сүйіп емірене алмағаным жаныма батады.  Қартайғанда көргенім осы болды. Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын. Бар уайым жанымды жегідей жеп барады, – деп кемсеңдеді шарасыз қария.
Иә, қай-қайсымыз да қартаямыз. Ол – өмір заңы ғой, оны ешкім де аттап өте алмайды. Алайда, төрінен көрі жақын қалған кезеңде өзіңнің бауыр етінен жаралған қайырымсыз ұл мен қатігез қыздың қара ниетін көріп жүрген қарияның жағдайы алаңдатады. «Қолда бар ата-анамыздың қадірін түсінсек қой» деген ой сананы сыздатады.  
         Өнегелі елдің ұрпағы қазынасын күн сайын құрметтейді. «Ата-анаң жынды болса байлап бақ» деген сөз бар. Еліміздің тарихында әке-шешесін қарттар үйіне, далаға тастау деген әсте жоқ еді.  Қазіргі таңда «Қарттар үйі, жетімдер үйі бар, соларға қамқорлық етіп жа­тырмыз» деп мәз боламыз. Бұл – біздің мақтанышымыз емес, құлдырауымыздың белгісі. Осыны бүгінгі заманның ұрпақтары түсінуі қажет.  Халқымызда: «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады» деген қанатты сөз бар. Сондықтан  кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелегені жөн болар. Анаға құрмет көрсетудің әсте еш сөкеттігі жоқ.
                                          Айтолқын АЙТЖАНОВА.
25 желтоқсан 2018 ж. 1 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам