Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Еламан Ерғалиев допинг қабылдады деген күдікке ілінді

Еламан Ерғалиев допинг қабылдады деген күдікке ілінді

   Допингке қарсы ұлттық орталық зертханалық талдауларды негізге алып, допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікке ілінген дзюдошылар Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы) және Саламат Жұрқабаевты (Қызылорда облысы) халықаралық және республикалық жарыстардан шеттету жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстанның дзюдо федерациясы Фейсбуктегі әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Қазақстан Республикасының чемпионатында спортшылардан алынған допинг бақылаудың «А» сынамаларынан тыйым салынған субстанция анықталған.
«Біз «таза спортты» қолдаймыз. Қазіргі кезде Қазақстанның дзюдо федерациясы допингке нөлдік төзімділік қағидасын ұстанып, допингке қарсы ережелердің сақталуын ерекше қадағалап отыр. Бұл тақырыпта жыл сайын түрлі семинарлар өткізілуде.
Аталған факті бойынша мүдделі ведомстволар мен федерация ішкі тергеу амалдарын жүргізуді жоспарлап отыр. Тергеу нәтижесі бойынша «Б» сынамасын ашуға және апелляция жасауға өтінімін беру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Оның қорытындылары туралы Қазақстанның дзюдо федерациясының сайтында хабарланады», - деді ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев. 
Еске сала кетейік, Астанада биыл 13-16 қараша күндері өткен ел чемпионатында дзюдошы Саламат Жұрқабаев 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанса, +100 келі салмақта шыққан Еламан Ерғалиев күміс медаль жеңіп алған.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының дзюдодан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Рахмет Махамбетте осыған ұқсас жағдай бұған дейін (Атырау облысы) болған. Спортшы 2018 жылдың 14 шілдесінде Гонконг қаласында кадеттер арасында дзюдодан өткен Азия кубогында бірінші орын иеленген болатын. 

26 желтоқсан 2018 ж. 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам