Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда Жастар жылы басталды

Қазақстанда Жастар жылы басталды

    Аталған бастаманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халыққа арнаған соңғы Жолдауында Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын қолдау шаралары мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу қажеттігін жеткізді.
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыдан кейін Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.
Ал отандық БАҚ өкілдерімен болған кездесу кезінде Н.Назарбаев Жастар жылына арналған бағдарламаны қабылдау қажеттігін жеткізді.
«Біз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияладық. Ол турасында арнайы бағдарлама қабылдау керек. Жастарға не керек - бірінші білім, екіншіден үйленетін болса үй-жай қажет. Жағдай жасалып, жұмыс берілуі тиіс. Төрт нәрсе. Содан кейін бізде «Ауыл - ел бесігі», «Жасыл ел», «Патриоттық сарбаз» деген бағдарлама бар. Оларға арнайы жағдай жасап, жастардың қабілетін көтеруіміз керек. Әсіресе, жасалып жатқан шаруаны, Қазақстанның Тәуелсіздігін (жастар - авт.) қадірлейтін болар деп ойлаймын. Соған сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
02 қаңтар 2019 ж. 1 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам