ОН БЕС СЕКУНД ІЛІНІП ТҰРДЫ" АСТАНАЛЫҚ ҚҰЛАҒАН БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚАҒЫП АЛҒАНЫН АЙТТЫ
Оныншы қабаттан құлап кеткен баланы көршісі қағып алып, анасына аман-есен тапсырды. Астана тұрғыны көпқабатты үйдің балконынан төмен қарай құлдилаған жасөспірімді қалай құтқарып қалғанын айтып берді.
Оқыс оқиғаны куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алғанын кеше хабарлаған едік.
Үйде жалғыз қалған 6 жастағы бала сырт киімдерін киіп, балкон арқылы далаға шығуға бел буады. Жасөспірім, тіпті, москит торын пышақпен кесіп, алып тастаған. Балконнан асып, төмен қарағанда қорқып кетсе керек, "көмектесіңдер" деп айқайлапты. Сол сәтте 9-қабатта тұратын Артем Караев балконға шығып, қабырғаға ілініп тұрған баланы көреді, деп хабарлады КТК.
Енді тұрғындар көршісінің ерлігін полицейлер ескерусіз қалдырмауы тиіс дейді.
"Бала шамамен 15 секундтай ілініп тұрды да, үш метрдей төмен қарай құлады. Мен уақытылы қағып алып үлгердім. Өз балконыма кіргіздім. Аз әңгімелестік те, бірге далаға шықтық. Сөйтіп аман-есен анасының қолына тапсырдым", — дейді Астана қаласының тұрғыны Артем Карев.
sputniknews.kz