Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елімізде жөргекпұлдың көлемі өсті

Елімізде жөргекпұлдың көлемі өсті

    Қазақстанда бала туу және 1 жасқа дейін баланы күту үшін берілетін жәрдемақы көлемі өсті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жүйесі ЭЫДҰ елдерінінің осы саладағы негізгі тәсілдерімен сәйкес (қолдаудың бірнеше түрі бар: ақашалай төлемдер, бала күтімі қызметі, салық жеңілдігі) құрылған. Сондай-ақ, адамның өмір сүруінің барлық кезеңінде қолдау көрсету принциптеріне негізделген (туғаннан зейнеткерлікке шыққанға дейін).
Қолданыстағы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мыналар кіреді:
Бірінші. Туғанда берілетін бірыңғай жәрдемақы.
2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда осындай жәрдемақы алатындардың саны 332,3 мың адамды құрады. Жәрдемақы сомасы 34,2 млрд. теңге (2017 жылы мұндай жәрдемақы алушылар саны 392 мың 7743 адамды құрады, жалпы сомасы 34,7 млрд теңге).Жәрдемақы көлемі; бірінші, екінші және үшінші балаға– 91 390 теңге (2017 жылы -86 221 теңге); төртінші және, одан да көп балаға – 151 515 теңге (2017 жылы-142 947 теңге)
Екінші. 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы.
2018 жылдың 1 желтоқсанында 1 жасқа дейін бала күтімі үшін берілетін жәрдемақымен 125 мың адам қамтылды, оларға жалпы сомасы 26,9 млрд. теңге болатын жәрдемақы берілді. Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы түрлері: бірінші балаға – 13 853 теңге; (2017ж-13070 тг); екінші балаға – 16 379 теңге (2017 ж-15 452 тг); үшінші балаға – 18 880 теңге (17 812); төртінші және одан да көп балаға – 21 405 теңге (20 195 теңге).
Үшінші. Мүгедек-балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға, асыраушысына берілетін жәрдемақы.
Бұл төлем 2010 жылдан бастап енгізілді. 2018 жылы оның көлемі 29 699 теңгені құрады. 2018 жылдың 1 желтоқсанында бұл төлемді алатындар саны орташа алғанда 80,2 мың адамды құрады, жалпы сомасы 26,9 млрд теңге (77,3 мың адам 24,4 млн теңге сомасына) .
Төртінші. Бала күнінен бірінші топтағы мүгедекті күту үшін берілетін жәрдемақы.
Бұл төлем 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Төлем көлемі 2018 жылы 1,05 ең төменгі күн көріс деңгейін немесе 29 699 теңгені құрады. Орташа алғанда 11,2 мың адам, 1,7 млрд. теңге сомада жәрдемақы алды.
Бесінші. Көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасына берілетін төлемдер.
Ол көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Қаһарман Ана» атағын алғандарға, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға ай сайын берілетін жәрдемақылар.
Бұл жәрдемақыны алатындар саны 40,2 млрд теңгеге 237 мың отбасын құрап отыр (2017 жылы 239 мың отбасы 41,7 млрд етңге сомасында жәрдемақы алған).
Әлеуметтік қолдау ретінде төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балаларымен тұратын көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылдың 1 желтоқсанында мұндай жәрдемақы алатындар саны 30,1 млрд теңгеге 271,4 мың отбасын құрап отыр (2017 жылы 266,5 мың адам 30,7 млд теңгенің жәрдемақысын алды).
Алтыншы. МӘСҚ-ң төлемдері
2008 жылдан бастап жұмыс істеп жүрген әйелдерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мынандай себептермен табыс көзін жоғалтқаны үшін төленетін төлемдер:
1) жүктілік және бала туу – 2017 жылдың қортындысы бойынша 180,2 мың адам  62,6 млрд. теңге жәрдемақы алды. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда 63,9 млрд теңгеге 175,1 мың адам жәрдемақы алды.
2) 1 жасқа толғанға дейін бала күтімімен отырғандар  - 2017 жылдың қортындысы бойынша 225,3 мың адам жалпы сомасы  74,1 млрд. теңге, ал 2018 жылдың 1 желтоқсанында 234,2 мың адам жалпы сомасы  88 млрд теңгеге жәрдемақы алды.

08 қаңтар 2019 ж. 1 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам