Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ — РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ — РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

  Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі-рухани тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты дөңгелек үстел басындағы сұхбаттасу кітапхана қызметкерлерімен өткізілді.
Мәдени шараны кітапхана директоры Г.Сансызбайқызы жүргізіп, Елбасымыздың 2017 жылғы 26 қазандағы №569 жарлығымен Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылдап, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін бекіткенін, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып; қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең- кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін деп жариялап, жарлықты орындау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктегенін айтып өтті.
Кітапхана ұжымы Елбасының жарлығына қолдау білдіріп, кітапханадағы кітап көрмелерін латын графикасына көшіруді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастайтынымыз жайлы айтылып, бауырлас мемлекеттер жетік меңгерген латын графикасы біздің қоғамға қажет екенін, осы жүйе арқылы әлем халықтары арасынан өз орнымызды табатынымыз жайлы, жас ұрпаққа кемел келешекті қалыптастырамыз десек, әр азамат алдағы жарқын белесті бағындыруына, латын әліпбиі жаңа кезеңнің тың серпілісі болатынына сенім білдірді.


13 қараша 2017 ж. 1 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам