ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕІК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда қаласындағы №278 орта мектепте мұғалімдер арасында жаңа әліпби туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғырудың басты құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Аталған іс-шараға қонақ ретінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының. кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов қатысты.
Ұжыммен өткізілген дөңгелек үстелдің кіріспе бөлімінде «Латын әліпбиін қаншалықты білеміз?» деген сұрақ төңірегінде мұғалімдер арасында тренинг ұйымдастырылды. Елбасы жолдауынан латын әліпбиіне қатысты пікірлері айтылып, бейнебаян көрсетілді. «Еркін микрофон» бөлімінде латын әліпбиіне көшудің пайдалы, тиімді тұстары, латын әліпбиін тез үйренудің жолдары мұғалімдер арасында қызу талқыға түсті.
Шақырылған дөңгелек үстелдің қонағы А.Абасилов жаңа әліпби туралы, оның ерекшеліктері туралы мектеп мұғалімдеріне тұшымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Б.Қ.Бекенов рухани жаңғыруымыздың темірқазығы болып отырған латын қарпін енгізуге баршамыздың атсалысу керек екендігін айтып, дөңгелек үстелді қорытындылады.