Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

   Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандардың саны азаймай тұр. Осы жағдайға байланысты депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен емтиханды қатаңдатуды талап етіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта аталған құжатты алу қиындауы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
Қазақстандық депутаттар Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі мен оны алу үшін тапсырылатын емтиханды қатаңдатуды талап етті.
Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің мәліметінше, ел тәуелсіздігін алғаннан бері 28 жыл ішінде 82 мың адам жол апатынан мерт болған.
«Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды», – дейді депутат.
Сонымен қатар депутат былтырғы жылдың желтоқсан айының соңында Алматыдағы Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болған жантүршігерлік жол апатын еске алды. Gelandewageн автокөлігінің кінәсінен болған апат салдарынан 3 адам көз жұмып, біреуі жансақтау бөліміне түскен еді. Ажал құшқандардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар.
Өз сөзінде депутат көп жағдайда жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі болатынын атап өтті.Дәл осы себепті ол Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігін беруді қатаңдатуды талап етті. Бұл үшін ең алдымен емтиханды қиындату қажет, дейді Казанцев.
10 қаңтар 2019 ж. 1 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам