ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ АЗАЙДЫ МА?

Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу шараларының маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе үнемі осы комиссияның бақылауында болады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 162 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 27 мыңнан астам адам қаза болып, 211 мыңнан астам адам жарақат алған.
Осыған байланысты облыс әкімі жергілікті полиция қызметіне аймақтың елді-мекендеріндегі жазатайым оқиғалардың себептерін анықтап талдауды, жолды кесіп өту кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша визуалды және түсіндіру шараларын жүргізуді тапсырды.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.