Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада наркологиялық орталықта есепте тұрғандар саны кеміп келеді

Қызылордада наркологиялық орталықта есепте тұрғандар саны кеміп келеді

   Қызылорда қаласында наркологияық орталықта ем алғандар қатарында жасөспірімдер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті наркологиялық диспансерде 17 жастағы жасөспірім де ем алған. Сондай-ақ, наркологиялық диспансерде есепте тұратындардың 74-і 30 жасқа дейінгі азаматтар.
«2017 жылы наркологиялық орталықтың есебінде 860 адам есепте тұрған еді. Ол былтыр 733 адамды құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда есепте тұратындар 127 адамға кеміді. Дегенмен орталыққа 196 адам біздің орталыққа алғаш рет тіркелген. Ұзақ емделіп біздің есептен шығарылатын азаматтар да бар. Олар өздерінің қателігін жастар қайталамаса деген ойын білдіріп жатады», - деді Қызылорда облыстық наркология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Сейілханова.
Өткен жылы орталықтың мәжбүрлеп емдеу бөлімінде 199 адам ем шараларын қабылдаған. Осы ретте мамандар мәжбүрлі емдеуден көрі өз еркімен емделген жандардың 90 пайызында жақсару нәтижесі байқалатынын айтады.
11 қаңтар 2019 ж. 1 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам