Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстан халқының саны 18,37 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 18,37 миллионға жетті

     Қазақстан халқының саны 2018 жылдың 1 желтоқсанында 2017 жылғы көрсеткіштен 238,9 мың немесе 1,3% өсіп, 18 млн 376,2 мыңды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 626,2 мыңға жетіп, жалпы халық санының 57,8%-ын құрады. Ал ауыл тұрғындары 7 млн 750 мың немесе 42,2% болды.
Былтыр қаңтар-қараша айларында республикада 1 жасқа толмаған 2882 сәби шетінеген (2017 жылдың қаңтар-қараша айларында - 2896). 2018 жылдың он бір айында әр 1000 сәбидің 7,86-сы шетінеген.
Сәбилер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болған. Соның салдарынан былтыр қаңтар-қараша айларында 1474 сәби (жалпы көрсеткіштің 51,1%-ы) шетінеген.
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға көшіп келгендердің саны алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,5% азайып, кеткендер саны 11,9% артқан. Елге келушілердің 78,6%-ы ТМД елдерінен келсе, кетушілердің 90,3%-ы Достастық елдеріне кеткен.
Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 12,2% азайды. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Шымкент (38 074 адам), Алматы (31 738) және Астана (17 617) қалаларының үлесіне тура келеді.

16 қаңтар 2019 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам