Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Веган болу балалар үшін қауіпті ме?

Веган болу балалар үшін қауіпті ме?

   Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің ғалымдары веган болудың балалар үшін аса қауіпті екенін дәлелдеді. Мамандар бүлдіршіндердің еттен бас тартуы неге әкеп соғатынын да ашып айтты деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мамандардың мәлімдеуінше, балалар екі жасқа дейін тиісті мөлшерде жануарлар майы мен ақуызбен қамтылуы қажет. Себебі, енді ғана жетіліп келе жатқан жас ағзаға олар ауадай қажет.
Алғашқы алты апта кезінде сәби өзіне қажетті дәрумендерді ана сүтінен алады. Алайда, осы мерзімнен соң, олардың ағзасы жануарлар майы және ақуызымен, көкөніс және жемістермен қамтылуы керек. Сондай-ақ, күнделікті тамақтану тәртібі бойынша бұлдіршіндер жұмыртқа жеп, міндетті түрде сүт ішу керек.
Ғалымдар еттен мүлде бас тарту бала денсаулығына тек кері әсерін тигезітінін айтты. Себебі, веган болған балалардың ағзасында жетіліп даму үшін қажетті заттар жетіспеушілігі пайда болады.
Мәселен, ағзаға темір жетіспесе қан аздық, ал B12 дәруменінің тапшылығы жүйке ауруларына шалдықтырады. Нидерландыда жасөспірімдерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде вегандардың ағзасына минералды заттар жетіспейтіні және 6-18 айында бойы дұрыс өспегені анықталды.


16 қаңтар 2019 ж. 1 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 435 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам