Шоколадтың ағзаға келтірер пайдасы мен зияны қандай
Шоколад – әлемдегі ең танымал десерт. Адамдар жыл сайын осы нәзік тәттіге 7 миллиард доллар жұмсайды, ал сатылымдардың шегі күздің аяғында басталады. Зерттеушілер шоколадты біресе сиқырлы және емдік қасиеттері бар өнім деп мақтаса, біресе жағымсыз жанама әсерлерімен қорқытады. Бүгінде Stan.kz ақпараттық агентті сіздерге Ресейдің медициналық ғылымдар академиясының тамақтану ғылыми-зерттеу институтының гастроэнтерологы Ксения Селезневаның «тәтті антидепрессант» туралы айтқан бар шындығын ұсынбақшы.
Шоколадтың бірнеше негізгі түрлері бар. Ащы шоколад какао майы мен ұнтақталған какаодан және қант ұнтағынан жасалады. Ащы шоколадтың пайдасы ауыз толтырып айтарлықтай – бұл десерт түрі кез-келген адамға ұнай бермегенімен, бірақ оның құрамында қант аз болғандықтан және кілегей немесе сүт болмайтындықтан ең зиянсыз болып саналады.
Ал көбісінің сүйіп жейтін тәттісі – сүтті шоколад. Ол ащы шоколадтан гөрі тәттірек және калориясы көп. Сүтті шоколадтың құрамында ащы шоколадқа қарағанда какао аз. Ол ұнтақталған какое мен қанттан, какао майы және кілегей немесе сүттен жасалады. Бірақ, алақол өндірушілер шоколадтың бұл түріне соя қосады, бұл өнімнің дәмі мен сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан, шоколад сатып аларда оның құрамына назар аударуды ұмытпаңыз және онда соя болмауы керек.
Шоколадтың тағы бір танымал түрі – ақ шоколад. Оның сүтті шоколадтан айырмашылығы құрамында ұнтақталған какао жоқ болуында. Ақ шоколадтың бұл түрінің зиядылығы аса көп емес. Бұл тәттінің құрамында қант өте көп болғандықтан және оған әртүрлі қоспалар қосылатындықтан, айтарлықтай пайдалы емес.
Есіңізде болсын, сапалы шоколадты сындырғанда, ол уатылмай шытырлауы керек, сондай-ақ тіске жабыспауы және қолда ерімеуі тиіс.
Шоколадтың пайдасы мен зияны туралы көптеген болжамдар бар. Ал салмақ тастағысы келетін адамдар әдетте, шоколадты бірінші болып рұқсат етілген өнімдердің тізімінен сызып тастайды. Бірақ мұндай қатаң көзқарас толығымен дәлелденбеген. Себебі, шоколадты орынды тұтыну дене бітіміне зиян келтірмейді. Сондықтан, өзіңізді сүйікті тәттіден күштеп бас тартқызбаңыз, бірақ күніне 30 грамнан артық жемеңіз. Сонымен қатар, шоколадты зат алмасу процестері бәсеңдемей тұрып таңертең жеген дұрыс.
Мысалы, швейцариялықтар әлемдегі шоколадты қатты жақты көретін халық. Олар орта есеппен жылына шамамен он келі шоколад жейді.
Бірақ, шоколадты шектен тыс тұтыну қауіпті. Себебі, қанттың соққы дозасы қандағы глюкоза деңгейін бірден көтеріп жібереді, ал ол көмірсу алмасудың ауыр бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, шоколадты плиткасымен бір-ақ жеп тастамай, кішігірім бөліктерден жеп рахат алуға тырысыңыз.
Сондай-ақ, шоколадтың құрамында кофеин, теобромин және фенетиламин секілді белсенді антидепрессант химиялық заттардың бар болуына байланысты афродизиак қасиеттерге ие.
Өздеріңіз білетіндей, шоколад көңіл-күйді жақсартады деген кең таралған пікір бар, және бұл шындық. Өйткені, ағза тәттіге бақыт гармонын (серотонин) және эндорфиндерді (психологиялық стрессті және ауырсынуды жеңілдететін) жақсы өндіру арқылы жауап береді. Ең бастысы – бұл антидепрессантты артық мөлшерде жемеу керек. Оның үстіне, шоколад жеп көңіл көтергеннен кейін қосылған артық салмаққа қуанатаныңыз екіталай.
Сонымен бірге, шоколадтың (ащы және сүтті шоколад) құрамында теобромин, яғни жүйке жүйесіне қоздыру арқылы әсер ететін алкалоид бар екенін ұмытпаған жөн. Бұл зат ағзаға шамадан тыс түспеуі керек.
Мысалы, какао ағаштарының өсу уақыты 200 жылға жетуі мүмкін, бірақ жеміс беру мерзімі – тек 25 жыл.
Ал шоколадты диеталар – дене бітімді сақтаудың ең жақсы жолы емес. Себебі, адамдар өзін қарапайым көмірсулар мен майлардан шектеу және жеткілікті ақуыз мөлшерінен, сондай-ақ тағамдық талшықтар мен минералдардың жеткілікті мөлшерінен бас тарту арқылы, ұйқы безіне қауіпті жүктеме түсіреді. Сондықтан денсаулыққа мұндай күмәнді тәжірибелер жүргізудің орнына, жағымды бонус ретінде теңдестірілген диеталық рационыңызға аз мөлшерде шоколад жеуді қосыңыз.