Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мектеп оқушылары қай жастан бастап темекіге əуес болады

Мектеп оқушылары қай жастан бастап темекіге əуес болады

   ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мектеп оқушыларының жүріс-тұрысы мен тәртібіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«13-15 жастағы оқушылар арасында күн сайын 14,8 пайызы темекі тартады, 18 пайызы алкогольдік ішімдіктерге әуес. Балалардың көбісі, яғни 90 пайызға жуығы нашақорлықтың, темекі тартудың, ішімдіктің зарарлы салдарын түсіне бермейді», - деді С. Айтпаева Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрлерінің атына жолдаған сауалында. Оның сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылда жасөспірімдер жүктілігінің 33 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 15-тен 18 жасқа дейінгілер арасында 9 906 түсік жасату оқиғасы анықталды. Бұдан бөлек сенатор оқушылар арасындағы асқазан-ішек аурулары, көздің көру қабілетінің нашарлауы, тыныс алу органдарының дерттері жиі кездесетінін атап өтті. «Салауатты өмір салтын насихаттау шаралары ерте жастан балалардың арасында кеңінен жүргізілуі керек», - деді Сәуле Айтпаева.

17 қаңтар 2019 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам