Алматыда тікұшақ құлады
Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл кеше оқиға сағат 16.05-те Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында болған. "Иә, растаймыз. Осындай жағдай болды. "Алатау" шипажайының аумағында болды. Салонда бір адам - ұшқыш болды - ол қаза тапты. Тікұшақтың кімге тиесілі екені әлі анықталмады", - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. "Алатау" шипажайының аумағына "Sky Service" әуекомпаниясының "Еврокоптер-130" маркалы жекеменшік тікұшағы құлады. Өртенген жоқ. Тікұшақта 1968 жылғы ұшқыш болды. Ол жедел жәрдем каретасында қаза болды. Тікұшақ Боралдай - Үлкен Алматы көлі бағытымен бара жатқан", - делінген хабарламада.