ӘРІПТЕСІНЕН ОҚ ЖАРАҚАТЫН АЛҒАН ПОЛИЦЕЙ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

"Амал не, дәрігерлер жанжал барысында әріптесінен оқ жарақатын алған полицейдің өмірін сақтап қала алмады. Полицей жасалған ота мен дәрігерлердің бар күш салуына қарамастан, кеше шамамен сағат 22.00-де ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады Сәдубаев. Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол изоляторға қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осыған дейін оқ атқан инспектордың полицейдің өзінің жақын туысы екені белгілі болған еді. Сәдубаевтың айтуынша, бұл оқиға жергілікті полиция қызметінің аумағында болған.